Сіздерді Отан қорғаушы күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл – батыр бабалардың даңқты жолы мен бүгінгі буынның туған елге қызмет ету дәстүрін тоғыстыратын мереке.
Отан қорғау – қасиетті парыз әрі мәртебелі міндет. Халқымыз антына адал, сертіне берік перзенттерін ерекше қадірлейді.
Сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, бейбіт өмір, амандық-саулық, кәсіби табыс пен рухани жігер тілеймін!
Отанымыз аман, еліміз тыныш болсын!