09.05.2025
19:30

    


Прием доноров Понедельник –пятница 8:00 -15:00 Суббота-выходной Воскресенье- выходной

Жеке кабинет
06 Мамыр 2025
12

Отан қорғаушы күні

Отан қорғаушы күні — Қазақстан Республикасында 7 мамырда атап өтілетін мемлекеттік мереке. Бұл күн – батылдық пен ерлікке тағзым ететін, Отанға деген шексіз сүйіспеншілік пен адалдыққа бас иетін сәт. Бұл күн- ел тірегі, отбасы қорғаны болатын ерлерге құрмет көрсететін мезет. Осы орайда бүгін Жамбыл облыстық қан орталығында салтанатты жиын ұйымдастырылды.

Байыпты басқосуда Жамбыл облыстық қан орталығы директорының міндетін атқарушы Нурсаитова Жұмакүл Зеилдаевна құттықтау сөз сөйлеп, ұжымда еңбек етіп жүрген ер азаматтарға ізгі лебізін арнады.

Мерекелік іс-шара мұнымен шектелген жоқ. Әуелі қан орталығының қыз-келіншектер қауымының айтулы күнге орай дайындаған бейнесюжеті көптің назарына ұсынылды. Сондай-ақ әріптестер ән мен жырдан шашу шашып, мың бұрала би биледі. Мерекелік сыйлықтар да салтанатты жиынның сәнін арттыра түсті.

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР


Сдать анализы в Таразе Где сдать анализы в Таразе Анализы и цены-Тараз Анализы крови в Таразе Анализы на ВИЧ в Таразе