Жамбыл облыстық қан орталығында құрылымдық бөлімшелердің 2025 жылдың I тоқсанындағы жұмыс қорытындысы шығарылды.
Әкімшілік-шаруашылық бөлімі, донорларды жинақтау және дайын өнімді беру бөлімі, қан дайындау бөлімі, медициналық зертхана, сапаны басқару және ішкі аудит бөлімі, сондай-ақ медициналық қалдықтарды кәдеге жарату бөлімі басшылары атқарылған жұмыс туралы ақпарат ұсынды.
Жиын барысында проблемалық мәселелер айтылып, оларды шешу жолдары қарастырылды. Сонымен қатар өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырмалы статистикалық деректер ұсынылды.
Талқылау жұмыстың тиімділігін арттыруға және көрсетілетін қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз етуге бағытталған сындарлы атмосферада өтті.
https://tarazdonor.kz/kz/zha-aly-tar/2086-2025-zhyldy-i-to-sanynda-y-zh-mys-orytyndysy-shy-aryldy.html#sigFreeId2abbb4ec71