Ағымдағы жылдың 25 сәуірінде Астана қаласында National ACADEMY of SCIENTIFIC AND INNOVATIVE RESEARCH орталығының ұйымдастыруымен «Ғылым жастардың көзімен» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференция аясында байқау жеңімпаздары марапатталды. Осы іс-шараға Жамбыл облыстық қан орталығының сапа және ішкі аудитті басқару бөлімінің меңгерушісі Гаухар Жандарбекқызы Қосбақова қатысты. Оның «Биология-санитарлық эпидемиология білім беру бағдарламасы студенттерінің өндірістік практикасын ұйымдастыру» атты ғылыми жұмысы жоғары бағаға ие болды.
Конкурс қорытындысы бойынша Г. Д. Косбакова «Жылдың үздік жас ғалымы» медалімен, марапаттау мүсіншесімен және сертификатпен марапатталды. Жамбыл облыстық қан орталығының ұжымы сапа және ішкі аудитті басқару бөлімінің меңгерушісі Г. Д. Қосбақованы осы жарқын жетістігімен құттықтап, одан әрі жеңістер мен жақсы кәсіби өсу тілейді.
https://tarazdonor.kz/kz/zha-aly-tar/2081-ylym-zhastardy-k-zimen-ta-yrybynda-khaly-araly-ylymi-t-zhiribelik-konferentsiya-tti.html#sigFreeId70050c6bff