31.07.2025
17:45

    


Прием доноров Понедельник –пятница 8:00 -15:00 Суббота-выходной Воскресенье- выходной

Жеке кабинет
94

«Трансфузиялық терапияның өзекті мәселелері»

Астана қаласында Трансфузиология ғылыми - өндірістік орталығының ұйымдастыруымен «Трансфузиялық терапияның өзекті мәселелері» тақырыбында XIII республикалық ғылыми - практикалық конференциясы өтті. Екі күнге басқосуға әртүрлі елден 800 - ден астам маман арнайы келді. Делегаттардың қатарында – Қазақстан, Қытай, Германия, Швейцария, Тунис, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан және басқа да елдердің жетекші мамандары мен ғалымдары бар. Іс - шараны ҚР ДСМ Трансфузиология ғылыми - өндірістік орталығы ұйымдастырды.

Конференцияның пленарлық отырысына Қазақстан Республикасы Президентінің ғылым және инновациялар мәселелері жөніндегі кеңесшісі Күнсұлу Закария, ДДҰ Қазақстандағы кеңсесінің басшысы Сыла Скендер, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Еуразиялық медициналық қауымдастықтың, Ұлттық ғылыми онкология орталығының өкілдері қатысып, сөз сөйледі. 

Маңызды жиында шетелдік мамандар баяндама жасап, халықаралық тәжірибемен бөлісті. Ресей Федерациясы Н.И. Пирогов атындағы ұлттық медициналық - хирургия орталығы Евгений Жибурт «Трансфузиологиядағы жаңалықтар», Швейцариядағы «Диагностикс Интернешнл» ұйымының өкілі Пиксма Франк «Қан мен плазма скринингіне жаһандық шолу», Белоруссиядағы Трансфузиология және медициналық биотехнологиялар республикалық ғылыми - практикалық орталығының маманы Татьяна Шляхтенок «Беларусь Республикасындағы қан қызметінің ахуалы», Өзбекстандағы Республикалық қан орталығының өкілі Валентина Чупрова «Өзбекстан Республикасының қан қызметі қазіргі кезеңде» тақырыптарында сөз сөйледі. 

Өзге де қатысушылар қанды өңдеу процестерін автоматтандыру, донорлық қан үлгілерін скринингілеудің озық тәсілдері және жоғары технологиялық медициналық шешімдерді пайдалана отырып, сирек кездесетін ауруларды емдеудің жаңа әдістері сияқты инновациялық технологияларды енгізудің жолдарын талқылады.

Алқалы жиын трансфузиология саласындағы озық технологияларды, инновациялар мен практикалық шешімдерді талқылаудың, сондай - ақ халықаралық деңгейте тәжірибемен алмасудың маңызды алаңына айналды. Клиникалық және өндірістік трансфузиологиядағы жаңа тәсілдерге, зертханалық диагностика, гематология, трансплантология және иммуногенетиканың заманауи әдістеріне баса назар аударылды.

Аталған басқосуға Жамбыл облыстық қан орталығы қан дайындау бөлімінің меңгерушісі Досжанова Салтанат Мейрхановна қатысып, жұмыс сапасын арттыруға бағытталған тың әдістерге қанығып қайтты.

 
Add comment

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР


Сдать анализы в Таразе Где сдать анализы в Таразе Анализы и цены-Тараз Анализы крови в Таразе Анализы на ВИЧ в Таразе