Қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидаты берік орнықпай алға қарай қадам басу әсте мүмкін емес. Сондықтан да Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселеге айрықша назар аударып, нақты міндеттер жүктеді.
Бұл тұрғыда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жамбыл облысы бойынша мамандандырылған күзет қызметі басқармасы да жүйелі жұмыс атқарып, сенім үдесінен көрініп келеді.
Қай кезде де қоғамның қауіпсіздігі үшін қалтқысыз қызмет атқарып жүрген сақшылар қайырымдылық шараларынан да қалыс қалған емес.
Бүгін департамент ұжымы Жамбыл облыстық қан орталығына келіп, сауапты да жауапты істің ұйытқысы бола білді. Бірлігі жарасқан ұжым мүшелері бірауыздан ұйымшылдық танытып, донорлар қатарынан табылды.
Осы орайда қамқорлық құшағын жайып, жақсылықтың жалауын көтерген Жамбыл облысы бойынша мамандандырылған күзет қызметі басқармасының басшылығына және барша қызметкерлерге зор алғысымызды білдіреміз.
https://tarazdonor.kz/kz/zha-aly-tar/2057-za-men-t-rtip-a-idaty.html#sigFreeId8690ae5209