18.04.2025
04:56

    


Прием доноров Понедельник –пятница 8:00 -15:00 Суббота-выходной Воскресенье- выходной

Жеке кабинет
10 Сәуір 2025
25

АИТВ бойынша әдістемелік көмек көрсету мақсатындағы жұмыс сапары

 2025 жылғы 9 сәуірде Жамбыл облыстық қан орталығы АИТВ - ны эпидемиологиялық қадағалау және тестілеу сапасы мәселелері бойынша ұйымдастыру - әдістемелік көмек көрсету мақсатында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қазақ Дерматология және жұқпалы аурулар ғылыми орталығының мамандары - зертхана басшысы Галина Хаджимуратовна Тәжібаева және эпидемиология бөлімінің дәрігер - эпидемиологы Ардақ Өміртайқызы Дербисалова келді. Делегация құрамында Жамбыл облыстық ЖИТС - тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының өкілдері - зертхана меңгерушісі Венера Мейірханқызы Кәрімова, дәрігер - эпидемиолог Виктор Геннадьевич Когай, профилактикалық бөлім меңгерушісі Индира Мумарханқызы Досымова болды.
Сапар барысында 2024 жылғы және 2025 жылдың 1 тоқсанындағы донорлар арасындағы эпидемиологиялық жағдай, донорлық және қан дайындау бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастыру, медициналық құжаттаманы жүргізу, медициналық зертхананың жұмысын бағалау, АИТВ инфекциясы мәселелері бойынша медициналық персоналдың білім деңгейі, АИТВ - ға тестілеу сапасының мониторингі және басқа да бірқатар мәселелер қаралды.
Тексеру қорытындысы бойынша Қазақ ғылыми орталығының мамандары донорлық және қан дайындау бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырудың жоғары деңгейін, медициналық зертханада процестерді сапалы жүргізуді атап өтті. Облыстық қан орталығы кәсіпорынның эпидемиологиялық қызметі мәселелері тұрғысында тиімді жұмыс бойынша жоғары баға алды.

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР


Сдать анализы в Таразе Где сдать анализы в Таразе Анализы и цены-Тараз Анализы крови в Таразе Анализы на ВИЧ в Таразе