Тараз қаласында орналасқан 1-інші арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығы талай адамға қамқорлық құшағын жайып, қолдауын көрсетіп келе жатқан мекеме. Бүгінде мұнда мамандар бірнеше бағыт бойынша жұмыс істейді. Ең бастысы мұқтаж жандардың мәселесін шешуге жіті көңіл бөлінеді. Бүгін аталған орталықтың ұжымы біркісідей қан тапсырып, жақсылық жасау жолындағы жарқын жолдарын жарасымды жалғастыра білді. Бұл әрине көпке ой салатын бастама. Өйткені, донор болу-ерлікпен парапар іс. Донор болу-нағыз патриоттықтың белгісі, адамгершіліктің үлгісі. Осы орайда орталық басшысы Гүлжаухар Үшкемпірқызы Кушановаға, іс-шараны ұйымдастырушы Зухра Маханқызы Дембаеваға және барша донорларға зор алғысымызды білдіреміз.