Тұрғындардың денсаулығын жақсарту бағытында ақ халатты абзал жандарға артылған жауапкершілік жүгі жеңіл емес. Медицина мамандары бұл тұрғыда бекітілген міндетті мінсіз атқаруға бар күш - жігерін салуда. Дәрігерлер қауымының негізгі жұмыстан бөлек тұрақты түрде донор болуы да адамдарға көмектесуден туған ізгі ниет. Дертке шалдығып, дауа іздеген жандарға қайткен күнде де қол ұшын созу керек.
Осы орайда бүгін Тараз қаласындағы №5 емхананың ұжымы біркісідей ұйымшылдық танытып, қан тапсыруға келді. Сала қызметкерлері осылайша көпшілікке үлгі - өнеге көрсете білді. Донор болу - жақсы амалдардың бірі. Өйткені, біз қан тапсыра отырып, қаншама мұқтаж жанның өмірін арашалап қалуға үлес қосамыз. Жабыққан жандардың жанына жалау болып, ертеңге деген үмітін оятамыз.
Міне, осындай игі іске ұйытқы болып, өтеусіз донорлықтың дамуына септігін тигізген емхананың бас дәрігері Динара Амангелдіқызына, іс - шараны ұйымдастырушы Ақтолқын Елеусізқызына және барша донор әріптестерімізге зор алғысымызды білдіреміз!
04 Сәуір 2025
26