19.04.2025
21:16

    


Прием доноров Понедельник –пятница 8:00 -15:00 Суббота-выходной Воскресенье- выходной

Жеке кабинет
26 Наурыз 2025
32

Халқымыз 22 наурызды - Ұлыстың ұлы күні деп айрықша бағалаған

Халқымыз 22 наурызды - Ұлыстың ұлы күні деп айрықша бағалаған. Бұл - күн мен түннің теңесіп, жақсылық пен жарастықтың, шаттық пен шапағаттың, қайырымдылық пен ізгіліктің бастау алар күні. Наурызды неғұрлым жомарттықпен атап өтсең, келер жылдың шарапаты соғұрлым көп болады делінген. Мерекелік дәстүрлер мен нышандардың көл-көсір мол болуының сыры да осында жатыр. Бұл күн еліміз үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Ол күні қар немесе жаңбыр жауса, «нұр жауды», «туар жыл жақсы жыл болады» деп қуанған.

Жамбыл облыстық қан орталығы да Наурызнама онкүндігін көтеріңкі көңіл күймен, ерекше салтанатпен атап өтуде. Бүгін мекемеде донорлар үшін ақ дастархан жайылып, ұлттық тағамдардың түр-түрі қойылды. Қан тапсыруға келген азаматтар «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!» деп ізгі тілектерін білдіріп, бірін-бірі әз Наурызбен құттықтады.

Наурыз парсы тілінде «жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Бұл күні табиғат жаңарып, тіршілік оянады, көктемнің алғашқы найзағайы ойнап, көк шығады деп саналған. «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын!», «Бір тал кессең, он тал ек!» деген ұстаныммен қазыналы қариялар бастап ел-жұрт жағалай тал егеді. Орталық ұжымы бұл үрдісті биыл да лайықты жалғастыра білді. Әріптестер қауымы берекелі бірлік пен мерекелі тірлікті үйлестіріп, мекеме аумағына түрлі тал көшеттерін екті.


МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР


Сдать анализы в Таразе Где сдать анализы в Таразе Анализы и цены-Тараз Анализы крови в Таразе Анализы на ВИЧ в Таразе