Кітап алмасу күні: әдебиет пен шабыт мерекесі
Бүгін қызықты іс-шара- «Кітап алмасу күні» өтті. Баянды бастама барлық кітапсүйер қауымын біріктірді. Қатысушылар өздерінің сүйікті кітаптарымен келіп, тарихтарымен, білімдерімен және эмоциялармен бөлісуге дайын болды. Мерекенің ерекше атмосферасын ең белсенді қатысушылар жасады. Олар танымал шығармалардың кейіпкерлері болып киінген еді. Классика, фэнтези, детективтер мен шытырман оқиғалардың кейіпкерлері кітап беттерінен шығып, әдеби әлемді жандандырғандай болды.
Сондай-ақ интеллектуалдық сынақтарға да кезек берілді. Яғни, шара барысында викторина ұйымдастырылып, қатысушыларға сипаттамадан кейіпкерді табу ұсынылды. Ойлау қабілеті, білім деңгейі және кітапқа деген сүйіспеншілік өздерін көпке танытуға мүмкіндік беріп, жарқырап көрінулеріне септігін тигізді.
Мерекенің кульминациясы кітап алмасу болды. Әр қатысушы өзіне жаңа қызықты туынды тауып, оны оқыған кезде өзі шабыт алған кітаппен бөлісе алды.
«Кітап алмасу күні» нағыз әдебиет мерекесіне айналды, онда кітаптар жаңа оқырмандарды тауып, адамдар пікірлес жаңа достар тапты. Өйткені, басқа адамға кітаптың сиқырлы әлемінің бір бөлігін сыйлаудан асқан ештеңе жоқ!
https://tarazdonor.kz/kz/zha-aly-tar/2007-kitap-almasu-k-ni-debiet-pen-shabyt-merekesi.html#sigFreeId4933f412ea