Зауыт қазынаға қомақты салық түсімдеріп төлеп қана қоймай, жүздеген жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Химия өнеркәсібінің көшбасшысы саналатын зауытта елдің ертеңі мен қоғамның мүддесін ойлайтын жанашыр азаматтар аз емес. Оған бүгін Жамбыл облыстық қан орталығының жылжымалы бригадасы барғанда тағы бір мәрте көз жеткіздік. Химиктер таң азаннан топ-тобымен қан тапсырып, тағылымы мол істің ұйытқысы бола білді. Осылайша сала мамандары қым-қуыт жұмыстан уақыт жасап, жақсылықтың жаршысына айналды. Бұл әрине, көпке үлгі болатын бастама. Осы орайда мұқтаж адамдарға қол ұшын созып, донорлық қозғалыстың дамуына үлкен үлес қосқан зауыт директоры Денис Трофимовичке зор алғысымызды білдіреміз
20 Наурыз 2025
41