Даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының «Әскери қызмет дегеніміз - дені сау әрбір азаматтың асыл парызы, ардақты борышы, кімде - кім әскери қызметтен жалтарса ол патриот емес» деген керемет сөзі бар. Өз еліңнің патриоты болу, оны қорғау - әр азаматтың Отан алдындағы абыройлы міндеті, қасиетті борышы! Әскер тәртіпке, қару ұстауға, бұйрыққа бағынуға, бірлесіп қызмет жасауға үйрететін нағыз ер - азаматтардың мектебі. Бұл тұрғыда Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты «01731 әскери бөлім» республикалық мемлекеттік мекемесінің ұжымы да еліміздің аумақтық тұтастығы мен қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында жүйелі жұмыстар атқарып келеді. Әскери бөлім патриоттықты тек сөз жүзінде емес, нақты іспен дәлелдеуде. Бүгінгі іс - шара осы сөзіміздің жарқын үлгісі деуге болады.
Атап айтқанда, бүгін подполковник Рауан Жеңісбекұлына бастаған азаматтар Жамбыл облыстық қан орталығына арнайы келіп, өтеусіз донорлықтың дамуына өзіндік үлестерін қосты. Осы орайда Рауан Жеңісбекұлына және барша донорларға зор алғысымызды білдіреміз.
19 Наурыз 2025
56