06.07.2025
08:23

    


Прием доноров Понедельник –пятница 8:00 -15:00 Суббота-выходной Воскресенье- выходной

Жеке кабинет
14 Наурыз 2025
115

Жамбыл облыстық қан орталығында Көрісу күні атап өтілді

Баршаға белгілі, 2024 жылы Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа форматы - Наурызнама онкүндігі бекітілген болатын. Наурызнаманың әрбір күні қоғам өмірінің жекелеген аспектіне арналған. Бұл мерекенің мағынасы мен мәнін тереңдетуге мүмкіндік береді. Жаңару жеке қарым - қатынастардан бастап қоғамдық құндылықтарға дейінгі барлық салаларды қамтиды.
Осы орайда көне заманнан жалғасқан айрықша дәстүріміз - Көрісу күні Жамбыл облыстық қан орталығында да көтеріңкі көңіл күймен басталды. Мекеме қызметкерлері жұмысқа ұлттық киім киіп келіп, құшақ айқастыра қауышып, өзара ізгі тілектерін арнады. Сонымен қатар «Қара жорға» биін билеп, әз - Наурыздың көркін қыздыра түсті.
Қытымыр қыстан шығып, шуақты көктемге аман жеткен ағайын «Амал келді, жыл келді!» деп бір - бірін құттықтап, төс қағыстырады. Жастар үлкендерге сәлем беріп, қариялардың батасын алады. Халқымыз ежелден осындай ғұрыптар арқылы бауырмалдық пен жанашырлықты, татулық пен мейірімділікті дәріптеп, ұрпақтың бойына асыл қасиеттерді сіңіре білген. Бұр тұрғыда Жамбыл облыстық қан орталығының ұжымы да дәстүрден жаңылмай, мекеме маңайын дүбірге думанға бөледі.


Add comment

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР


Сдать анализы в Таразе Где сдать анализы в Таразе Анализы и цены-Тараз Анализы крови в Таразе Анализы на ВИЧ в Таразе