2025 жылғы 5 наурызда Жапония Елшісінің резиденциясында адам қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған "Шөп тамырлары" бағдарламасы аясында гранттық келісімшарттарға қол қою рәсімі өтті. Іс - шараға Қазақстан мен Жапонияның жоғары лауазымды өкілдері, соның ішінде Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Иидзима Ясумаcа мырза қатысты. Ол келісімшарттарға өзі қол қойды. Сондай - ақ, қатысушылар қатарында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары Бакиров Ілияс Келесұлы да болды. Ол екіжақты қарым - қатынастарды дамыту мен денсаулық сақтау инфрақұрылымын жақсарту жөніндегі бастамаларды қолдады.
Рәсім барысында $68,790 көлеміндегі гранттық келісімшартқа қол қойылды. Бұл қаражат Жамбыл облыстық қан орталығын заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз етуге жұмсалады. Атап айтқанда, иммуноферменттік анализатор, гематологиялық анализатор, коагулометр және тромбомиксерлер сатып алынбақ.
Салтанатты рәсімде ұйым өкілдері Жапония үкіметіне көрсеткен қолдауы үшін шынайы алғыстарын білдірді. Өз кезегінде, Елші Иидзима бұл жобалар Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік дамуына, сондай - ақ оның азаматтарының өмір сүру сапасын жақсартуға оң әсер ететініне сенім білдірді. Ол Жапония Елшілігі алдағы уақытта да екі ел арасындағы қарым - қатынастарды нығайтуға күш салатынын атап өтті.
https://tarazdonor.kz/kz/zha-aly-tar/1973-seriktestikti-ny-ajtu-zhaponiya-zhambyl-oblysty-an-ortaly-yna-68-790-k-leminde-grant-b-ldi.html#sigFreeId8d88440604