12.03.2025
16:15

    


Прием доноров Понедельник –пятница 8:00 -15:00 Суббота-выходной Воскресенье- выходной

Жеке кабинет
07 Наурыз 2025
6

Жамбыл облыстық қан орталығында 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты жиын өтті

Көкжелек көктем мезгілімен қатар келіп, көңіл көкжиегін кеңейте түсетін керемет мереке-Халықаралық әйелдер күнін бәріміздің де асыға күтетіндігіміз жасырын емес. Мерейлі мезетте құшақтар гүлге толып, ақ тілектер арналады. Осы орайда Жамбыл облыстық қан орталығында да салтанатты жиын өтіп, ән мен жырдан шашу шашылды. Мерекелік іс-шараны орталық директорының міндетін атқарушы Жумакуль Нурсаитова ашып, құттықтау сөз сөйледі.

-8 наурыз – әйелдердің сан қырлы қадір-қасиетін мақтан етуге тамаша мүмкіндік беретін мерейлі күн. Қазіргі Қазақстан қоғамында әйелдер, ең алдымен, аяулы ана, сүйікті жар ретінде үлкен құрметке бөленсе, екіншіден, кәсіби маман, кәсіпкер, жауапты лауазым иесі, ел сенім артқан саясаткер ретінде де танымалдыққа ие. Сіздерді мерейлі мерекемен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, баянды бақыт, еңбекте табыс тілеймін!,-деді Жумакуль Зеилдаевна. Келесі кезекте Жамбыл облыстық қан орталығының ардагері Бахберды Кезембаев, мекеменің кәсіподақ төрағасы Сайлау Джанабаев сөз тізгіндеп, ізгі лебізімен бөлісті. Шырайлы шара мұнан соң концерттік бағдарламаға ұласты

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР


Сдать анализы в Таразе Где сдать анализы в Таразе Анализы и цены-Тараз Анализы крови в Таразе Анализы на ВИЧ в Таразе