12.03.2025
15:59

    


Прием доноров Понедельник –пятница 8:00 -15:00 Суббота-выходной Воскресенье- выходной

Жеке кабинет
07 Наурыз 2025
5

Гемоглобин дегеніміз не? Неліктен ол төмен болады?

Гемоглобин – бұл темірге бай ақуыз, қанның қызыл пигменті.

Гемоглобиннің негізі қызметіөкпе мен басқа мүшелердің жасушалары арасында оттегі мен көмірқышқыл газын тасымалдауға қатысу. Қанда гемоглобин жетіспесе, оттегінің гемоглобинмен тасымалдануы қиындайды. Нәтижесінде жасушалар жеткілікті мөлшерде оттегін алмайды және олардың метаболизмі мен қызметі бұзылады.

Әдетте ересектердегі гемоглабинді бір деңгейде сақтау керек: еркектерде 130-160 г/л әйелдерде 120-140г/л.Гемоглобин деңгейінің төмендеуі, әдетте денеде темірдің жетіспеушілігін көрсетеді. Соның салдарынан анемияның барлық түрлері және басқа патологиялар дамуы мүмкін.

Төмен гемоглобиннің белгілері:

*құрғақ және бозғылт тері, еріннің көкшіл реңктері және тілде ашық қызыл еріннің шеттерінде жарықтар болады.

*Сынғыш тырнақтар, терінің қараюы, әлсіздік, өсудің тоқтап қалуы, шаштың түсуі.

*жиі әлсіздік пен шаршау, естен тану, ұйқышылдық.

*тұрақты бас ауруы.

*төмен қан қысымы.

*жылдам жүрек соғысы.

*тәбеттің төмендеуі, ауыздың құрғауы.

*организмнің жалпы иммунитетінің әлсіреуі.

Гемоглобинді көтеру үшін -бауыр ,қарақұмық ботқасы ,жасыл түсті жемістер, анар, алма, шабдалы олардан өзге құрамында кальциі бар тағамдарды қолданған дұрыс.

Гемоглобин жоғары болса:

Адамның тұрғылықты жеріне байланысты ластанған ауадан гемоглабиннің деңгейі көтерілуі мүмкін. Спортпен тұрақты шұғылданып, физикалық күш түскенде, темекіні көп қолданған да көтеріліп кетеді. Гемоглобиннің жоғары болуы онкологиялық және қан ауруларының, сонымен қатар жүрек, өкпе жеткіліксіздігінің, туа біткен жүрек кемістігі сияқты тағы да басқа аурулардың белгісі болып табылады. Ақуыз деңгейінің көп болуы эритроцитоз бен қанның қоюлануынан байқалады. Сондықтан салауатты өмір салтын ұстану керек.

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР


Сдать анализы в Таразе Где сдать анализы в Таразе Анализы и цены-Тараз Анализы крови в Таразе Анализы на ВИЧ в Таразе