Еліміздің қан орталықтары қай кезде де соңғы үлгідегі заманауи құрал-жабдықтармен жұмыс істеуге басымдық береді. Өйткені, уақыт талабы сондай. Бұл тұрғыда мамандардың біліктілігін арттырып отырудың да маңызы зор. Осы орайда 27-28 ақпан күндері Roche компаниясының ұйымдастыруымен Cobas 5800 автоматтандырылған анализаторында жұмыс істеу үшін операторларға таныстыру тренингі өткізілді. Тиімділігі мол тренигке Жамбыл облыстық қан орталығы медициналық зертханасы меңгерушісінің міндетін атқарушы Ақмарал Ильясова мен медициналық жабдықтар бойынша инженер Ермек Нұрсаитов арнайы қатысып, тәжірибе алмасып қайтты. Айта кету керек, аталған жабдық биылғы алғашқы жартыжылдықта облыстық қан орталығына орнатылады деп жоспарлануда. Осы орайда жауапты мамандар жаңа құрылғының жұмыс істеу жүйесіне жіиі мән беріп, мол мағлұматқа қанықты. Көп ұзамай анализатордың мүмкіндігі кеңінен пайдаланылатын болады.
06 Наурыз 2025
7