19.04.2025
21:18

    


Прием доноров Понедельник –пятница 8:00 -15:00 Суббота-выходной Воскресенье- выходной

Жеке кабинет
01 Наурыз 2025
60

Сіздерді келіп жеткен 1 наурыз – Алғыс айту күнімен құттықтаймыз!

Құрметті достар!

Сіздерді келіп жеткен 1 наурыз – Алғыс айту күнімен құттықтаймыз!

Алғыс айту күні ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні.

Бұл мереке тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне қоныс аударған түрлі этнос өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай халқына деген терең тағзымның белгісі болса керек.

1 наурыз – Алғыс айту күні түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды. Сондай-ақ бұл күн ел бірлігін бекемдеумен қатар, тұғырлы татулығымыз бен ырысты ынтымағымызды жаңа белеске жетелейді.

Ендеше, көңілді жадырататын жақсылық істеріміз бен айтар алғысымыз көп болсын. Сіздерді елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенім мен барша қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған айтулы мерекемен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ - береке тілейміз!

Ізгі ниетпен, Жамбыл облыстық қан орталығы

 

 #ядонор #yadonor #яспасжизнь #ятвойдонор #спасибодонор #tarazdonor #донорство #службакрови #оставайсядонором #сдатькровь #яхочуделатьдобро #яхочупомочь #донор #МыВместеостаемсядонорами #спасижизнь

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР


Сдать анализы в Таразе Где сдать анализы в Таразе Анализы и цены-Тараз Анализы крови в Таразе Анализы на ВИЧ в Таразе