19.04.2025
21:02

    


Прием доноров Понедельник –пятница 8:00 -15:00 Суббота-выходной Воскресенье- выходной

Жеке кабинет
20 Ақпан 2025
61

«Отан үшін отқа түс, күймейсің»

Егемен еліміздің әскери әлеуетін арттыруда, өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беріп, олардың азаматтық борышын атқаруын қамтамасыз етуде Жамбыл облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментіне жүктелген жауапкершілік жүгі жеңіл емес. Батыр Бауыржан Момышұлы «Отан үшін отқа түс, күймейсің» деп айтқандай, жастарға жүйелі түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қорғаныс саласындағы өзге де маңызды міндеттерді абыроймен атқарып келе жатқан департамент басшылығы қайырымдылық шараларынан да қалыс қалмайды. Жанға жылу сыйлайтын сондай жағымды бастаманың бірі-тұрақты донорлық деп айтуымызға болады.

Бүгін аталған департаменттің бастығы, полковник Нұрбол Зейнелов кезекті рет қан тапсырды. Бұл қадам көпке үлгі екендігі сөзсіз. Өйткені, қазір аурухана төсегіне таңылып, өмір мен өлім арасында жатқан қаншама науқас бар. Оларға әрбір донордың қолдауы ауадай қажет. Сондықтан да денсаулығы жарамды азаматтар уақыт бөліп, жақсылық жасауға талпынса біз де қуанып қаламыз. Осындай сауапты істің нәтижесінде мұқтаж жандар еңсесін көтеріп, ертеңге деген үміті оянады. Елдің қатарына қосылады. Мұндайда дана халқымыз «Жақсылыққа жақсылық-әр адамның ісі» деп тегін айтпаса керек. Сөз соңында қарбаласқа толы қауырт жұмысынан уақыт тауып, өтеусіз донорлықтың дамуына өзіндік үлесін қосқан департамент бастығы Нұрбол Қуантқанұлына, ұйымдастырушы Сергей Валериевичке зор алғысымызды білдіреміз.

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР


Сдать анализы в Таразе Где сдать анализы в Таразе Анализы и цены-Тараз Анализы крови в Таразе Анализы на ВИЧ в Таразе