19.04.2025
21:18

    


Прием доноров Понедельник –пятница 8:00 -15:00 Суббота-выходной Воскресенье- выходной

Жеке кабинет
31 Қаңтар 2025
91

«Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм»

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 2-қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында да заң үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған нақты міндеттер жұктелді. Сенімге селкеу түсірмеу мақсатында Жамбыл облысы полиция департаментінің басшылығы жүйелі жұмыстарды жүзеге асырып келеді. Қауіпсіз орта құру үшін қай кезде де қылмыстың алдын алу маңызды. Бұл тұрғыда кең көлемді түсіндіру жұмыстары, ізгілікке бағытталған акциялар, ақпараттық-насихаттық шаралар өз жемісін беруде. Міне, осындай игі үрдістің жалғасы ретінде бүгін Жамбыл облысы полиция департаментінің қызметкерлері облыстық қан орталығына келіп, өтеусіз донорлыққа өзіндік үлесін қосты. Әділетті қоғам қалыптастыру жолында құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне жүктелген жауапкершілік жоғары. Айта кету керек, аталған департамент пен облыстық қан орталығы арасында бұрыннан әріптестік байланыс орнап, ортақ мүддеге бағытталған оң бастамалар жүзеге асуда. Бірлескен іс-шаралардың нәтижесінде қаншама тәртіп сақшылары қан тапсырып, мұқтаж жандарға мүмкіндігінше қол ұшын созды. Жүйелі жұмыстардың жаңаша бағытта жанданып жатқаны көңілге қуаныш ұялатады. Осы орайда сауапты істің басы-қасынан табылып, патриоттық пен парасаттылықтың үлгісін көрсеткен департамент ұжымына зор алғысымызды білдіреміз.

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР


Сдать анализы в Таразе Где сдать анализы в Таразе Анализы и цены-Тараз Анализы крови в Таразе Анализы на ВИЧ в Таразе