Жамбыл облыстық қан орталығында орналасқан «Салауат» бастауыш партия ұйымы қай кезде де ілкімді істерімен ілгері ұмтылып, алдыңғы қатардан көрініп келеді. Бұл тұрғыда «AMANAT» партиясының жарғылық мақсаттары мен міндеттерін, бағдарламалық құжаттарын тұрғындар мен ұжым қызметкерлері арасында түсіндіру және іске асыру, сондай-ақ партия мүшелері мен жоғары тұрған партия органдарының арасында тұрақты кері байланысты қамтамасыз ету мақсатында жүйелі жұмыс атқарылуда. Міне, соның нәтижесінде қол жеткізген табыстарымыз да аз емес. Соның бір дәлелі ретінде кеше Тараз қаласы бойынша бастауыш партия ұйымдары арасындағы байқауда 1-орынды иеленіп, мәртебеміз асқақтады. Үздік деп танылған ұйымдарды «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары Уалихан Болатбек марапаттап, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
3-тен 100-ге дейін партия мүшесі бар БПҰ-дың 1-ші санаты бойынша:
«Салауат» БПҰ;
«Әулиеата» БПҰ;
«Таразкоммуналтранскөлік» БПҰ.
«AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалында өткен сайыс қорытындысында «Салауат» бастауыш партия ұйымының төрайымы Әсел Кулымбетоваға арнайы Алғыс хат тапсырылды. Бұл-ортақ еңбек, ортақ абырой. Жеңіс құтты болсын!
Әр санат бойынша 1-орын алған бастауыш партия ұйымдары алдағы уақытта облыстық кезеңге жолдама алды.
https://tarazdonor.kz/kz/zha-aly-tar/1940-salauat-bastauysh-partiya-jymy.html#sigFreeId2d44d898e6