05.02.2025
14:50

    


Прием доноров Понедельник –пятница 8:00 -15:00 Суббота-выходной Воскресенье- выходной

Жеке кабинет
23 Қаңтар 2025
20

Елімізде медицина саласын дамыту бағытында тың бастамалар көтеріліп, жүйелі жұмыстар атқарылуда

Елімізде медицина саласын дамыту бағытында тың бастамалар көтеріліп, жүйелі жұмыстар атқарылуда. Халықтың денсаулығын жақсарту бағытында ақ халатты абдал жандарға артылған жауапкершілік жүгі жеңіл емес. Медицина мамандары бұл тұрғыда бекітілген міндетті мінсіз атқаруға бар күш-жігерін салуда. Дәрігерлер қауымының негізгі жұмыстан бөлек тұрақты түрде донор болуы да адамдарға көмектесуден туған ізгі ниет. Дертке шалдығып, дауа іздеген жандарға қайткен күнде де қол ұшын созу керек. Осы орайда бүгін Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының бас дәрігері Серік Жетібаев, бас медбике Құндыз Таженқызы бастаған топ біркісідей ұйымшылдық танытып, қан тапсыруға келді. Сала қызметкерлері осылайша көпшілікке үлгі-өнеге көрсете білді. Донор болу-жақсы амалдардың бірі.

Өйткені, біз қан тапсыра отырып, қаншама мұқтаж жанның өмірін арашалап қалуға үлес қосамыз. Жабыққан жандардың жанына жалау болып, ертеңге деген үмітін оятамыз. Міне, осындай игі іске ұйытқы болып, өтеусіз донорлықтың дамуына септігін тигізген орталық ұжымына зор алғысымызды білдіреміз.

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР


Сдать анализы в Таразе Где сдать анализы в Таразе Анализы и цены-Тараз Анализы крови в Таразе Анализы на ВИЧ в Таразе