Азаматтық қоғамның дамуында саяси партиялардың атқаратын қызметі үлкен. Осы орайда "Ауыл" партиясының Жамбыл облыстық өңірлік филиалы да агроөнеркәсіп кешенін ілгерілету мәселесінен бөлек әлеуметтің әлеуетін арттыруға, қоғамдық сананы қалыптастыруға сүбелі үлес қосып келеді. Бүгін аталған филиалдың төрағасы Алтай Райқұлов бастаған азаматтар Жамбыл облыстық қан орталығына да арнайы уақыт бөліп келіп, донорлар қатарынан табылды. Қай кезде де қайырымдылық шараларының бел ортасынан табылып, көпке көмек қолын созып жүретін Алтай Мақсұтұлына және барша донорларға зор алғысымызды білдіреміз.
17 Қаңтар 2025
16