Теміржол - экономиканың күретамыры. Расында да болат жолдың бойымен қаншама тауар жөнелтіліп, жолаушылар да діттеген жеріне жетіп жатады. Алыс - беріс пен барыс - келісті қамтамасыз ету жолында сала мамандары аянып жатқан жоқ. Қай кезде де қарбаласқа толы қауырт жұмыстың бел ортасында жүретін "Қазақстан теміржолы" акционерлік қоғамына қарасты НОД ЖТ бөлімінің ұжымы бүгін арнайы уақыт бөліп, Жамбыл облыстық қан орталығына келді. "Істің басы - ниет" демекші, теміржолшылардың жақсылық жасауға деген құлшынысы мен ұмтылысы бізді де қуантып тастады. Осылайша ынтымағы жарасқан ұжым ұйымшылдықтың да, ұйымдастырушылықтың да үлгісін көрсетіп, донорлық қозғалыстың дамуына өзіндік үлестерін қосты. Осы орайда НОД ЖТ бөлімінің басшылығы мен қызметкерлеріне зор алғысымызды білдіреміз.
16 Қаңтар 2025
22