Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты Жұмахан Танкебаевты өңірде білмейтін жан кемде - кем. Кәсіпкер әрі қоғам белсендісі саналатын азамат қай кезде де қайырымдылық шараларынан қалыс қалмай, мұқтаж жандарға қолынан келгенше қолдауын көрсетіп жүреді. Халық қалаулысы тұрақты донор ретінде де біздің мекемеге жиі бас сұғады. Күні кеше Ж. Танкебаев кезекті рет қан тапсырып, парасаттылық пен патриоттықтың үлгісін көрсетті. Осы орайда Жұмахан Мұқашұлына зор алғысымызды білдіреміз.