Қос мереке тоғысында денсаулық сақтау ісінің үздігі, ұзақ жылдар бойы Жамбыл облыстық қан орталығының басшысы қызметін абыроймен атқарған білікті хирург Бақберді Кезембаевқа Астанадан алғыс арқалаған хат келді. Нақты айтқанда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі А.Әлназарова Бақберді Боштабайұлын құттықтап, ізгі тілегін жолдаған.
Хат мәтінінде былай деп жазылыпты:
«Құрметті Бақберді Боштабайұлы!
Сіздің баға жетпес еңбегіңіз, даналығыңыз және адалдығыңыз болашақ ұрпақ үшін үлгі болып табылады. Сіз өз өміріңізді адамдардың денсаулығын сақтауға арнадыңыз және сіздің кәсібилігіңіз бен тәжірибеңіз арқылы біздің медицина алға үлкен қадам жасады.
Сізге зор денсаулық, рухани байлық және амандық тілеймін. Сіздің отбасыңызда әрдайым қуаныш, әр күніңіз ризашылық пен құрметке толы болсын. Тәуелсіз еліміздің болашағына қосқан зор үлесіңізге алғыс білдіремін!
ҚР Денсаулық сақтау министрі А.Әлназарова»
Расында да Бақберді Кезембаевтың денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесі зор. Бақберді Боштабайұлы 1953 жылдың 31-шілдесінде Жамбыл облысы Шу ауданы, қазіргі Оразалы батыр ауылында дүниеге келді.
1976 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының емдеу ісі факультетін бітірген соң, қазіргі Тараз, қаласындағы облыстық ауруханасында хирургия мамандығы бойынша интернатурадан өтіп, осы облыстың Талас аудандық орталық ауруханасына хирургия бөлімінің меңгерушісі болып жұмысқа кірісті.
1978-1980 жылдар аралығында Тараз қаласындағы медициналық училищеде хирургия пәнінің мұғалімі, 1980-1985 жылдар аралығында облыстық онкология диспансерінде дәрігер хирургтан бастап, сол мекеменің бөлім менгерушісіне дейін көтерілді.
1985-1989 жылдар аралығында қазіргі Тараз қаласының денсаулық сақтау басқармасы басшысынын бірінші орынбасары қызетін атқарып, 1990-1993жылдар аралығында №5-ші қалалық емхананың бөлім меңгерушісінен бас дәрігері қызметіне дейін көтерілді. Одан соң 1993-1996 жылдар аралығында Жамбыл облыстық онкология диспансерінің бас дәрігері болдым.
Ал 1996 жылдан бастап 2016 жылға дейін, жиырма жылдан аса облыстық қан орталығының директоры қызметін атқарды. Қазіргі таңда мекеменің дәрігер трансфузиологы ретінде өмірлік тәжірибесімен бөлісіп келеді.
Біз қашанда қарапайым қалпынан танбай, үлкенге тән үлгісін көрсетіп келе жатқан әріптесімізді шын жүректен құттықтап, деніне саулық, отбасына амандық, еңбегіне табыс тілейміз.
05 Қаңтар 2025
32