19.04.2025
23:53

    


Прием доноров Понедельник –пятница 8:00 -15:00 Суббота-выходной Воскресенье- выходной

Жеке кабинет
31 Желтоксан 2024
94

Салаттан салютке дейін

Жамбыл облыстық қан орталығында Жаңа жыл мерекесіне орай түрлі іс-шаралар мен қызықты байқаулар ұйымдастыру дәстүрге айналған. Биыл да бұл үрдіс лайықты жалғасын тауып, бұрын-соңды болмаған

«Салаттан салютке дейін» атты конкурс басталып кетті. Мұндағы басты мақсат-корпоративтік рухты қалыптастыру, ұжымды біріктіру және қолайлы атмосфера құру.

Байқаудың шарты бойынша командалар жаңажылдық кондитерлік өнімдерді, салаттарды, түрлі тағамдарды ұсынып, олардың негізгі ингредиенттері ретінде көкөністер мен шөптерді пайдалануы керек.

Конкурсқа барлығы 6 команда қатысып, өзара бақ сынады. Бармағынан бал тамған үміткерлердің өнерін қазылар алқасы бірнеше критерий бойынша бағалады. Бұл тұрғыда өзіндік ерекшелік, креативтілік, дәмдердің жалпы үйлесімділігі көрнекі безендіру, байқау тақырыбына сәйкестігі, саламатты өмір салтын насихаттау сияқты бағыттарға айрықша басымдық берілді.

«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, байқау қорытындысы бойынша донорларды жинақтау және дайын өнімді беру бөлімінің командасы «Үздік жаңажылдық көкөніс тағамы», сапаны басқару және ішкі аудит бөлімі «Ең креативті безендіру», қан дайындау бөлімінің командасы «Үздік шығармашылық номер», қан тестілеу бөлімшесі «Креативті әзірлеме үшін сыйлық», аталымдары бойынша марапатталды.

Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар, Алғыс хаттар мен естелік кәдесыйлар табысталды. #ядонор #yadonor #яспасжизнь #ятвойдонор #спасибодонор #tarazdonor #донорство #службакрови #оставайсядонором #сдатькровь #яхочуделатьдобро #яхочупомочь #донор #МыВместеостаемсядонорами #спасижизнь

 

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР


Сдать анализы в Таразе Где сдать анализы в Таразе Анализы и цены-Тараз Анализы крови в Таразе Анализы на ВИЧ в Таразе