05.02.2025
17:55

    


Прием доноров Понедельник –пятница 8:00 -15:00 Суббота-выходной Воскресенье- выходной

Жеке кабинет
27 Желтоксан 2024
57

Өткен жыл бойынша қорытындылау

Биылғы жыл еліміз үшін жемісті, табысты жыл болды. Көптеген оң өзгерістер орын алып, береке-бірліктің арқасында сынақтардан сүрінбей өтіп, алға қойған асқаралы мақсаттарымызға қол жеткізе алдық. Осылайша ұмытылмас естеліктерімен есте қалған Ұлу жылын қорытындылап, Жылан жылына аяқ басқалы тұрмыз. Айтулы мереке Жамбыл облыстық қан орталығында да лайықты деңгейде атап өтіледі. Ғимарат көркем безендіріліп, көрнекіліктер көптеп ілінеді. Мұның бәрі де ұжымның жұмысына серпіліс сыйлап қана қоймай, донорлардың да көңілін көкке көтеретіндігі сөзсіз. Қалыптасқан дәстүр бойынша мекеме басшылығы мен кәсіподақ ұйымы тарапынан барша қызметкерге жаңажыллық сыйлықтар тарту етілді. Шырайлы шаралар мұнымен шектелмек емес. Алдағы күндері «Салаттан салютке дейін» атты байқау да ұйымдастырылып, жеңімпаздар анықталатын болады.

 

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР


Сдать анализы в Таразе Где сдать анализы в Таразе Анализы и цены-Тараз Анализы крови в Таразе Анализы на ВИЧ в Таразе