Жаңа жыл мерекесін жас жеткіншектердің асыға күтетіні белгілі. Өйткені, Аяз ата мен Ақшақар бүлдіршіндердің қуанышына ортақтасып, керемет көңіл күй сыйлайды. Өз кезегінде балалар да өнерлерін көрсетіп, түрлі сыйлықтарға кенеледі. Күні кеше «Ажур» шығармашылық студиясының ұйымдастыруымен өткен шырша тойы да тамаша әсерлерге толы болды. Шара барысында мүмкіндігі шектеулі өрендер қамтылып, таңғажайып ертегі әлеміне енгендей күй кешті. Осы орайда «Amanat» партиясының ұйытқы болуымен Жамбыл облыстық қан орталығының ұжымы да мерекелік шараның мән-маңызын арттыра түсуге айрықша үлкс қосты. Орталық директорының орынбасары мен бір топ қызметкерлер арнайы тапсырып, жасыл шырша жанында балдырғандармен бірге би билеп, мекеменің кәсіподақ ұйымы тарапынан дайындалған әралуан сыйлықтарды үлестірді. Өз кезегінде «Ажур» шығармашылық студиясының басшысы Д.Махмадулоева іс-шараға қолдау көрсетіп, балаларға қуаныш сыйлағаны үшін орталық директоры Гулам Мухтарович Умаровты Алғыс хатпен марапаттады.
#ядонор #yadonor #яспасжизнь #ятвойдонор #спасибодонор #tarazdonor #донорство #службакрови #оставайсядонором #сдатькровь #яхочуделатьдобро #яхочупомочь #донор #МыВместеостаемсядонорами #спасижизнь
https://tarazdonor.kz/kz/zha-aly-tar/1909-zha-a-zhyl-arsa-ynda-y-merekelik-is-shara.html#sigFreeId1a502d844b