05.02.2025
17:45

    


Прием доноров Понедельник –пятница 8:00 -15:00 Суббота-выходной Воскресенье- выходной

Жеке кабинет
25 Желтоксан 2024
57

Бала - адамның бауыр еті

Бала - жүректің миуасы, көңілдің гүлі, көздің нұры. Бала - адамның бауыр еті, әкенің білек еті, ананың жүрек еті. Яки, ер болып артта қалған із, бақыт болып ұзатылған қыз. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деп аталы сөз қалдырған дана халқымыз балалардың денсаулығының мығым болуына да баса назар аударған. Ал осы бағытта еңбек етіп жүрген педиаторлардың жұмысы қай кезде де қарбаласқа толы. Өйткені, «жетіге келгенше жерден таяқ жейтін» жеткіншектер әрнәрсеге ұрыншақ келеді. Одан бөлек туабітті пайда болатын сырқаттар да аз емес. Міне, ұлт ұрпағының аяққа нық тұруы үшін аянбай қызмет етіп жүрген Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасы мамандарының еңбегі ерен.

Бүгін аталған денсаулық сақтау мекемесінің ұжымы облыстық қан орталығына келіп, донорлардың қатарынан табылды. Бұл әрі әріптестік қолдау, әрі көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созу. Адам өміріне араша болуды басты парыз санайтын ақ желеңді абзал жандар қан тапсыру арқылы да жанашырлықтың жарқын үлгісін көрсетті. Осы орайда Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасының ұжымына риясыз ризашылығымызды білдіреміз.

#ядонор #yadonor #яспасжизнь #ятвойдонор #спасибодонор #tarazdonor #донорство #службакрови #оставайсядонором #сдатькровь #яхочуделатьдобро #яхочупомочь #донор #МыВместеостаемсядонорами #спасижизнь

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР


Сдать анализы в Таразе Где сдать анализы в Таразе Анализы и цены-Тараз Анализы крови в Таразе Анализы на ВИЧ в Таразе