Азаматтардың құқықтарын қорғау бағытындағы конституциялық кепілдіктің маңызды құралы - сот актілерінің орындалуымен тікелей байланысты. Осы орайда «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сәйкес, бұл салада жаңа реформа қолға алынып, жеке сот орындаушылары институтын одан әрі дамыту жүзеге аса бастаған болатын. Бұл өзгеріс біздің облысымызда да өзінің оң нәтижесін беріп, білікті мамандар шоғыры қалыптасты. Бүгін Жамбыл облысының жеке сот орындаушылары қан орталығына арнайы келіп, өтеусіз донорлықтың дамуына да лайықты үлестерін қоса білді. Атқару өндірісін қамтамасыз ету жолында қалтқысыз қызмет атқарып жүрген бұл қадамы көпке үлгі болғандығы сөзсіз. Жақсылық жасау сала таңдамайды. Қолдан келсе мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп жүргенге не жетсін?! Осы тұрғыда парасаттылық пен патриоттықтың парқын таныта білген жеке сот орындаушыларға зор алғысымызды білдіреміз.
20 Желтоксан 2024
9