1991 жылғы 16 желтоқсан - төл тарихымыздағы мерейлі белес. Бұл - егемен ел болуды аңсаған ата - баба арманы ақиқатқа айналған ұлы күн. Тәуелсіздік күнінің айрықша мән-мағынасы бар. Азаттық үшін арпалысқан ұлт перзенттерін ел жадында мәңгі сақтау - қасиетті парызымыз. Олардың отаншылдық қасиеті - бүгінгі және болашақ ұрпаққа әрдайым үлгі - өнеге. Тәуелсіздік - баға жетпес байлық. Бәріміз оны көздің қарашығындай сақтауымыз керек. Мемлекетіміздің егемендігін, еліміздің амандығы мен жеріміздің тұтастығын қорғау - әр азаматтың қастерлі борышы. Егемен елімізді одан әрі дамыту - алдымызда тұрған басты міндет. Біз осы жолда аянбай еңбек етуіміз қажет. Сонда ғана Қазақстан қуатты мемлекетке айналады. Баршаңызды бүгінгі ұлық мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке тілейміз! Қазақстанымыз өркендей берсін! Қасиетті Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!
17 Желтоксан 2024
20