19.04.2025
00:16

    


Прием доноров Понедельник –пятница 8:00 -15:00 Суббота-выходной Воскресенье- выходной

Жеке кабинет
05 Желтоксан 2024
124

Өнеге көрсеткен жанашыр жандарға зор ризашылығымызды білдіреміз!

Қамшының сабындай қысқа ғұмырда сүрінгенге сүйеу, тұралағанға тіреу, деміккенге демеу, мұқтаждарға медеу бола білгенге не жетсін?! Мұндайда дана халқымыз «Адамның күні-адаммен» деп тектен тек айтпаса керек. Қиналғанға қол ұшын созып, қолдау көрсете білген адамның әрдайым жолы ашық, жүзі жарқын болатынын өмірдің өзі көрсетіп келеді.

Бүгінде түрлі сынаққа тап болып, көп мөлшерде қан жоғалтып жататын жандар аз емес. Осындай өлім мен өмірдің арасында жатқан жандарға донорлардың көмегі ауадай қажет. Бұл тұрғыда ешқандай да міндеттеусіз мекемемізге келіп, тұрақты түрде қан тапсырып тұратын ақжүрек азаматтарға айтар алғысымыз шексіз. Мысалы, бүгін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыс бойынша филиалының қызметкерлері келіп, өтеусіз донорлыққа өзіндік үлестерін қосты. Жалындап тұрған жас мамандардың жақсылық жасауға ұмтылғаны жанымызды жадыратты.

Сонымен қатар даңқты жерлесіміз, еліміздің патриоты, Париж Олимпиадасының жеңімпазы Елдос Сметов те бүгін орталыққа арнайы келіп, сауапты істің ұйытқысы бола білді. Біз ерлікпен пара-пар іс атқарып, өзгелерге өнеге көрсеткен жанашыр жандарға зор ризашылығымызды білдіреміз!

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР


Сдать анализы в Таразе Где сдать анализы в Таразе Анализы и цены-Тараз Анализы крови в Таразе Анализы на ВИЧ в Таразе