Денсаулық сақтау-жалпыұлттық міндет. Бұл тұрғыда әрбір медицина мекемесіне маңызды миссия жүктелген. Жамбыл облыстық қан орталығы да өз қызметін «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі аясында жүйелі жүргізіп келеді. Құрылымдық бөлімшелер қатарында медициналық зертханаға да артылған сенім мол. Бұл тұрғыда ҚР СТ ISO/IEC 17043-2012 «Сәйкестікті бағалау. Біліктілікті тексеруді жүргізуге қойылатын негізгі талаптар» стандарты қатаң сақталуы керек.
Жуырда орталықтың медициналық зертханасы меңгерушісінің міндетін атқарушы Ақмарал Ильясова мен зертхана маманы Махаббат Қали Астана қаласында жұмыс сапарымен болып, аккредиттелген республикалық денсаулық сақтау ұйымының референс-зертханасында біліктіліктерін арттырып қайтты.
https://tarazdonor.kz/kz/zha-aly-tar/1869-biliktilikti-tekserudi-zh-rgizuge-ojylatyn-negizgi-talaptar.html#sigFreeIdab530346ab