Гемоэксфузия (қан алу) - тамырды тесу арқылы қаннан белгілі бір мөлшерін алып тастау арқылы жұзеге асырылатын медициналық іс-шара. Екіншілік эритроцитоз, гемосидероз, гемохроматоз, полицитемия және тағы басқа ауруларда, яғни ағзадағы темір мөлшерінің шамадан тыс жоғарылауы кезінде қолданылады. Гемоэксфузия курсы темір метаболизмін тиімді қалыпқа келтіруге, қан құрамын жаңартуға және қан қысымын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ол қанның қоюлануын жояды, қан ағымын жылдамдатады және метаболизмді белсендіреді.
Темірдің ағзада шамадан тыс көп болуының белгілері:
- Шаршағыштық, әлсіздік, бас ауруы, бас айналу.
- Тері пигментациясының пайда болуы.
- Жүрек айнуы, құсу, асқазанның ауырсынуы, іш қату немесе диарея, ішектің шырышты қабатының зақымдануы.
- Тәбеттің төмендеуі, салмақ жоғалту.
Науқастың бұл процедурадан өтуіне қарсы көрсетілімдерне: әртүрлі генездегі анемиялар, гипотензия, бауыр циррозы, перифериялық тамырлардың флебиті, ауыр ағымдағы жүрек-қан тамырлары аурулары және әртүрлі психикалық сырқаттар болып табылады. Және де бұл емдеу әдісін әйелдердің етеккір циклі кезінде немесе жүктілік кезінде жасау ұсынылмайды. Әрбір науқас үшін емдеуші дәрігер олардың диагнозын, жасын, жеке төзімділігін және зертханалық көрсеткіштерін ескере отырып, процедуралардың санын және олардың жиілігін анықтайды. Процедураның өзі пациенттің арнайы дайындығын қажет етпейді және ол шамамен 10-15 минутқа созылады. Гемоэксфузия жауапты дәрігер - трансфузиологтың бақылауымен өтеді. Процедура барысында пациенттің инфекциялардан толық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін стерильді бір реттік шығын материалдары ғана пайдаланылады.