21.12.2024
20:06

    


Прием доноров Понедельник –пятница 8:00 -15:00 Суббота-выходной Воскресенье- выходной

Жеке кабинет
02 Қазан 2024
48

Халықаралық қарттар күні 1991 жылдан бері 1 қазанда тойланып келеді

Халықаралық қарттар күні 1991 жылдан бері 1 қазанда тойланып келеді. Бұл дата 1990 жылдың 14 желтоқсанында БҰҰ Бас Ассамблеясында ресми бекітілген. Содан бері бұл мерекеге орай түрлі форматтағы іс-шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.

«Қарты бар үйдің қазынасы бар» деп білетін халқымыз да бұл күнді назардан тыс қалдырған емес. Бүгінде елімізде 2,3 миллионнан астам қарт бар. Мерекенің мақсаты – қарттардың қоғам мен мемлекет алдындағы еңбегін құрметтеу, олардың мәселелері мен қажеттіліктеріне назар аудару және өмір сапасын арттыруға қамқор болу.

Айтулы мерекеге орай, бүгін Жамбыл облыстық қан орталығының ұжымы мекемеде ұзақ жылдар жұмыс істеп, құрметті демалысқа шыққан Балапан Әубәкірқызы Туғанбекова мен Гүлнар Мұратқызы Қадірбергенованы арнайы құттықтады. Жылы жүздесу барысында ақ тілектер айтылып, әсерлі естеліктер ортаға салынды. Сонымен қатар мекеме басшылығы, кәсіподақ ұйымы және “АМАНАТ” партиясы тарапынан азық-түлік себеттері тарту етілді. Саналы ғұмырын денсаулық сақтау саласына арнаған ардагерлер өз кезегінде мерекемен құттықтап, ілтипат білдірген әріптестеріне алғыстарын айтты.

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР


Сдать анализы в Таразе Где сдать анализы в Таразе Анализы и цены-Тараз Анализы крови в Таразе Анализы на ВИЧ в Таразе