21.12.2024
20:11

    


Прием доноров Понедельник –пятница 8:00 -15:00 Суббота-выходной Воскресенье- выходной

Жеке кабинет
25 Қыркүйек 2024
115

Донор болу: өмір сыйлаудың жолы

ӨМІР СЫЙЛА - ДОНОР БОЛ!

«Донор» деген сөздің өзі латын тілінен аударғанда «сыйлау» дегенді білдіреді. Сондықтан донор болған адам өзінің ең құнды дүниесі қанын сыйлай отырып, басқа адамға өмір сүруге мүмкіндік те береді. Алайда кез келген адам ниеті болса да донор бола алмайды. Оның бекітілген нақты талаптары бар. Ол үшін қан орталығында белгілі бір тексеруден өтеді және қанына талдау жасалады. Мысалы тек салмағы 50 келіден аз емес, жасы 18 - ден асқан адамдар ғана қан бере алады. Сонымен қатар қан және оның компоненттерін тапсыру үшін жақында болған түрлі аурулар, операциялар, әлемнің кейбір жерлеріне бару - мұның барлығы донорлықтан уақытша немесе абсолюттік шеттетуге негіз болады. Донорлыққа тек қауіпсіз және нормаларға сай келетін қан алынады.

Донор бір рет қан өткізу арқылы орта есеппен үш адамның өмірін құтқарады. Ал тұрақты түрде қан өткізіп тұратын донорлар жылына 12 адамды аман алып қалуға көмектеседі. Тұрақты донорлар жүрек - қан тамырлары ауруларымен сирек ауырады. Жарақат алғанда қансырауды жеңіл өткереді. Одан бөлек, мамандар ұдайы түрде қан өткізіп отыру арқылы адамдар өз өмірін де 5 - 7 жылға ұзартатынын айтады.

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР


Сдать анализы в Таразе Где сдать анализы в Таразе Анализы и цены-Тараз Анализы крови в Таразе Анализы на ВИЧ в Таразе