АЭС салудың мән-маңызы түсіндірілді
Облыстық Халықтық штаб мүшелері Жамбыл облыстық қан орталығының ұжымымен кездесті.
Жиында штаб мүшелері Энергетика министрлігінің болжамы бойынша 2035 жылға қарай Қазақстанда электр энергиясын тұтыну деңгейі 152,4 млрд кВт/сағатқа жететінін тілге тиек етіп, елімізде жұмыс істеп тұрған электр станциялары небәрі 135 млрд кВт/сағат энергия өндіретінін жеткізді. Өз сөздерінде электр энергия жетіспеушілігі жаңа өндіріс орындарын ашуға, бизнесті дамытуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және тұтастай алғанда еліміздегі өзге де салаларға серпін беруге кедергі келтіретін фактор болып тұрғанын, сондықтан АЭС салу энергия тәуелділігінен арылтып, өнеркәсіп кешенін дамытуға септігін тигізетінін баса айтты.