Осы орайда облыстық қан орталығына келіп, мұқтаж адамдар үшін жақсылық жасауға асығатын жандарға шын мәнінде сүйсінесің. Осындай қамқор пейілді азаматтар қатарында бүгін Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметкерлері донор болып, сауапты іске өз үлестерін қосты. Осы орайда біз ынтымағы жарасқан ұжымға алғысымызды білдіріп, дендеріне саулық, еңбектеріне табыс тілейміз.