Қан қызметіндегі соңғы жылдарға қол жеткізген жетістігінің бірі науқастарды емдеуде донорлық қан компоненттерін қолдану. Бұл өз кезегінде қанның компоненттерін жинау әдістерінің пайда болуына түрткі болды. Осындай әдістердің бірі - тромбоциттер дайындау. Бүгінгі күні тромбоциттер көптеген ауруларды емдеуде тағайындалатын компоненттердің бірі болып табылады және оны басқа препаратпен алмастыру мүмкін емес. Бұл компонентті алудың бірнеше әдістері бар, ең заманауи - аппараттық тромбоцитаферез. Аппараттық тромбоцитаферез процедурасына 18 жасқа толған өз еркімен келіскен, медициналық куәландырудан және алдын ала зертханалық тексеруден өткен кез келген адам донор бола алады. Процедура қауіпсіз, оны заманауи технологиялық аппаратта жоғары санатты медицина қызметкерлері жүзеге асырады. Өткізу уақыты бойынша 60 - 90 минутты құрайды. Қанда тромбоциттердің толық қайта қалыптасуына 14 күн уақыт кетеді. Процедура барысында медициналық персоналдың барлық ұсыныстарын орындау керек, жүргізілгеннен кейін дәрігердің еңбек және демалыс режимі туралы ұсыныстарын орындау керек, сонымен қатар келесі процедуралар арасындағы аралықты сақтау қажет.
24 Наурыз 2023
281