Жамбыл облыстық қан орталығында 14-24 ақпан аралығында клиникалық трансфузия саласындағы әдістемелердің стандартты эритроциттермен қан тобы мен резус тәуелділікті растайтын, антителаны анықтайтын әдістері бойынша Жамбыл облысының трансфузиология кабинетінің жауапты медбикелер, олардың дублерлары, қан тобы мен резус тәуелділікіті анықтайтын зертхана қызметкерлерінің қатысуымен семинар сабақ өткізілді. Стандартты эритроциттермен қан тобы мен резус тәуелділікті қан тестілеу бөлімінің меңгерушісі Ильясова Акмарал Бултириковна практика жүзінде көрсетті.Қан дайындау бөлімінің меңгерушінің міндетін атқарушы Р.Көмекбаева «Тромбоциттік концентратты дайындау әдістері» туралы баяндама оқыды.Қатысушылар семинарға белсенді қатыса отырып, бір - бірінің тәжірибиесімен бөлісіп, өзекті мәселелер бойынша сұрақтар қойылды.
https://tarazdonor.kz/kz/zha-aly-tar/1653-zhambyl-oblysty-an-ortaly-ynda-14-24-a-pan-araly-ynda.html#sigFreeIde794ba7d7b