24.04.2024
04:56

    


Прием доноров Понедельник –пятница 8:00 -15:00 Суббота-выходной Воскресенье- выходной

Жеке кабинет
17 Наурыз 2023
165

Мерейлі Меркі жерінде ауыз толтырып айтарлықтай ауқымды жұмыстар жүргізілуде

Мерейлі Меркі жерінде ауыз толтырып айтарлықтай ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Табиғаты таңғажайып өңірдің тұрғындары оңға бастайтын ортақ істерден қалыс қалған емес. Оған бүгін аталмыш ауданда өткен «Донор күні» акциясы барысында тағы бір мәрте көз жеткізгендей болдық. Шара аясында облыстық қан орталығының жылжымалы бригадасы Меркі аудандық ауруханасының аумағында болып, тиісті донациялық жұмыстарды атқарды. Ерікті түрде қан тапсырып, ерлікпен пара-пар іс қылатын ақжүрек азаматтарға шын мәнінде сүйсінесің. «Бір кісі мың кісіге олжа салар» деп халық даналығында айтылғандай, шағын қана көмек кейде үлкен мүмкіндіктерге жол ашып жатады.  Осы орайда игілікті іске атсалысқан аудандық ауруханасының бас дәрігеріне, ұжымы мен барша донорларға шынайы алғысымызды білдіреміз.

#ядонор #yadonor #яспасжизнь #ятвойдонор #спасибодонор 

#tarazdonor #донорство #службакрови #оставайсядонором #

сдатькровь #яхочуделатьдобро #яхочупомочь #донор 

#МыВместеостаемсядонорами #спасижизнь

 

 

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР


Сдать анализы в Таразе Где сдать анализы в Таразе Анализы и цены-Тараз Анализы крови в Таразе Анализы на ВИЧ в Таразе