Әйел - ана, әйел - жар, әйел - бақыт... Ақындар жырында тізбектеліп келетін осынау теңеулердің мәні бөлек. Расында отбасының сүйіктісі, игі істердің ұйытқысы болып жүрген нәзік жанды аруларға қандай құрмет көрсетілсе де жарасады. Бүгінде қыз-келіншектер қауымы қоғамның барлық саласында аянбай еңбек етуде. Осы орайда облыстық қан орталығында да өз ісінің білікті маманы атанған әріптестеріміз аз емес. 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай мекемеде салтанатты шара ұйымдастырылды. Мерекелік жиында облыстық қан орталығының директоры Гулам Умаров құттықтау сөз сөйлеп, ізгі лебізін арнады. Өз сөзінде әйел-аналардың, оның ішінде денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің қоғамдағы рөлінің зор екеніне тоқталып, әріптестеріне алғысын жеткізді. Салтанатты сәтте мекеме қызметкерлеріне естелік сыйлықтар табыс етіліліп, ән мен жырдан шашу шашылды.
Мереке құтты болсын!
#ядонор #yadonor #яспасжизнь #ятвойдонор #спасибодонор #tarazdonor #донорство #службакрови #оставайсядонором #сдатькровь #яхочуделатьдобро #яхочупомочь #донор #МыВместеостаемсядонорами #спасижизнь
https://tarazdonor.kz/kz/zha-aly-tar/1638-8-nauryz-khaly-araly-jelder-k-ni-merekesine-oraj-mekemede-saltanatty-shara-jymdastyryldy.html#sigFreeId26dcf0c600