Бұл өмірде жақсылық жасап жарысқанға не жетсін? Осы орайда облыстық қан орталығының 🏣жылжымалы бригадасы ♻️«Донор күні» акциясы аясында аймақтарға ат басын бұрып, ақжүрек азаматтармен қауышуда. Ерікті түрде қан тапсырып, ерлікпен пара-пар іс қылатын донорларға шын мәнінде сүйсінесің.✅ «Бір кісі мың кісіге олжа салар» деп халық даналығында айтылғандай, шағын қана көмек кейде үлкен мүмкіндіктерге жол ашып жатады.
📅Бүгін жылжымалы бригада Байзақ ауданында болып, жұмыс атқарды. Іргелі ауданның тұрғындары осы күні аудандық емхана аумағында қан тапсырып, парасаттылық пен патриоттықтың үлгісін көрсетті. ♻️Біз осынау игілікті іске атсалысқан аудандық аурухананың ұжымы мен барша донорларға шынайы алғысымызды білдіреміз.🙏