Қылмыстың үлкен-кішісі, ірі-ұсағы болмайды. Сондықтан да Қазақстан Республикасының заң талаптарын бұзған әрбір тұлға жауапкершіліктен тыс қалмайтындығын түсінуі керек. Бұл тұрғыда ХХІ ғасырдың дертіне айналған нашақорлыққа қарсы күрес те бір сәтке тоқтамайды. Осы орайда Алим Маратұлы Бажикбаев басқаратын Жамбыл облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлеріне жүктелген міндет зор. Аталған басқарманың ұжымы қысы-жазы бір тынбай, талай қызмыстың бетін ашты. Адамзат баласына төніп тұрған қауіпті еңсерді. Өз қызметтеріне асқан қырағылықпен қарайтын тәртіп сақшылары саламаттылықты да сөзбен ғана емес іспен де дәлелдеп жүр. Спорттық сайыстардан да дес бермейтін сала мамандары қайырымдылық істерден де қалыс қалған емес. Сондай жақсылықтың жалғасы ретінде бүгін басқарма ұжымы облыстық қан орталығына келіп, донация рәсімдерінен өтті. Көмекке зәру адамдармен бірге екендіктерін байқатып, патриоттық пен парасаттылықтың үлгісін көрсетті. Бұл әрине, ұжымдағы ұйымшылдықтың да жарқын көрінісі екендігі сөзсіз. Қауырт жұмысқа қарамастан уақыт тауып, сауапты шараға ұйытқы болған басқарма басшысы Алим Маратұлы мен барша қызметкерлерге зор алғысымызды білдіреміз.
18 Қаңтар 2023
243