Донор болу – біреудің өмірін құтқару ғана емес, өз өміріңді де жақсарту.Қан тапсырудың адамды ынталандыратын,ерік-жігер беретін ерекше әсері бар екендігін ғалымдар дәлелдеген. Әлемде тұрақты түрде донор болып жүрген жандар – белсенді, өмірге құштар, позитивті көзқарасымен әйгілі.Бүгін Тараз қаласы әкімі Бақытжан Орынбеков бастаған әкімдік қызметкерлері Қан орталығына арнайы барып, қан тапсырды.Әлемде қан құюға жыл сайын миллионнан аса адам мұқтаж болады екен. Күнделікті қан құюды қажет ететін сырқаттар да бар. Сондықтан қан тапсырған әрбір адам сауапты іс жасайды.Қан тапсыру арқылы өзгеге де, өзімізге де көмек көрсететінімізді білейік.
View the embedded image gallery online at:
https://tarazdonor.kz/kz/zha-aly-tar/1589-donor-bolu-bireudi-mirin-t-aru-ana-emes.html#sigFreeId6cc2e920e2
https://tarazdonor.kz/kz/zha-aly-tar/1589-donor-bolu-bireudi-mirin-t-aru-ana-emes.html#sigFreeId6cc2e920e2