23.04.2024
13:08

    


Прием доноров Понедельник –пятница 8:00 -15:00 Суббота-выходной Воскресенье- выходной

Жеке кабинет
13 Қаңтар 2023
123

Облыстық қан орталығында қай кезде де қауырт жұмыс

Облыстық қан орталығында қай кезде де қауырт жұмыс. Бір қуанарлығы, сынаққа тап болған жандардың өміріне бейжай қарамай, қол ұшын 👏созуға асығып тұратын азаматтардың қатары көбейген. Әсіресе, ер жеткен балаларымен бірге келіп ерікті донор болатын ата-аналарға тәнті боласың. Бұл жақсы өнеге екендігі сөзсіз. Сонымен қатар мекеме-кәсіпорын ✅басшылары да бір топ әріптестерімен келіп қан тапсырып жатады. Әрине, мұндай амалдар 🇰🇿патриоттық пен парасаттылықтың жарқын көрінісі. Міне, осындай игі істің жалғасы ретінде бүгін  Көліктегі полиция департаменті
Тараз станциясындағы 👮🏻‍♂️👮🏽‍♀️желілік полиция бөлімінің қызметкерлері орталыққа ат басын бұрды. Тәртіп сақшылары тиісті сауалнаманы толтырып, денсаулық жағдайы бойынша тексеруден өтті. Дәрігерлер 👩🏻‍🔬🧑🏼‍🔬қорытындысынан кейін  рет-ретімен қан тапсырды. Айта кету керек, аталған ұжым мүшелері бұған дейін де сауапты іске атсалысқан болатын. Осы орайда өтеусіз донорлыққа өлшеусіз үлес қосып жүрген департамент басшылығы мен қызметкерлеріне айтар алғысымыз шексіз.

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР


Сдать анализы в Таразе Где сдать анализы в Таразе Анализы и цены-Тараз Анализы крови в Таразе Анализы на ВИЧ в Таразе