04.05.2024
22:03

    


Прием доноров Понедельник –пятница 8:00 -15:00 Суббота-выходной Воскресенье- выходной

Жеке кабинет
13 Қаңтар 2023
229

"Aulieata-Media" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ақпарат айдынында өзіндік орны бар

🎥"Aulieata-Media" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ақпарат айдынында өзіндік орны  бар. Құрамына облыстық "Аq jol", "Знамя труда", "AR-AI" газеттері мен "Jambyl Info" ақпарат агенттігі кіретін медиахолдинг 🎙🎥🎞📽💽бүгінде жедел ақпарат таратумен қатар өзекті мәселелерді де дер кезінде көтеруде. Міне, осындай оңды бастамалармен оқырманның ықыласына  бөленіп жүрген ұжым бүгін  тағы бір сауапты іске ұйытқы бола білді. Атап айтқанда серіктестіктің бас директоры 👨🏻‍💼Оралхан Дәуіт бастаған  қаламгерлер қауымы облыстық қан орталығына келіп, донорлар қатарынан табылды. 🎬Журналистер тек қан тапсырып қана қоймай, сан түрлі сауалдарын қойды. Бұл тұрғыда орталық директорының орынбасары Перизат Жаманқұлова ✅мекеменің тыныс-тіршілігімен таныстырып, жан-жақты мағлұмат берді.  Осы орайда сауапты да жауапты істің бел ортасынан табылған 🌷"Aulieata-Media" ЖШС бас директоры Оралхан Әбдірашұлына, 🌸облыстық "AR-AI" газетінің  бас редакторы Тұрсынбек Темірланұлына, 🌺барша донорларға зор алғысымызды білдіреміз. Жұртшылықпен бөлісетін жағымды жаңалығымыз көп болғай!💥
 

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР


Сдать анализы в Таразе Где сдать анализы в Таразе Анализы и цены-Тараз Анализы крови в Таразе Анализы на ВИЧ в Таразе