Әлеуметтің ✅әлеуетін арттыру бағытында мемлекет тарапынан түрлі бағдарламалар қабылданып, жүзеге асырыпуда. Жұртшылықты жұмыспен қамту жолында да жарқын жобалар жетерлік. Міне, осындай байыпты бастамаларды 👏жергілікті жерде жандандыруда Жамбыл облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жүктелген жауапкершілік жоғары. Қашанда қым-қуыт шаруаның ортасында жүретін 🏢мекеме мамандары бүгін уақыт тауып, облыстық қан орталығында өткен "Донор күні" 🩸акциясына қатысты. Ынтымағы жарасқан ұжым👨🏻👩🏻👨🏻🦰 мүшелері мұқтаж жандардың жағдайына бейжай қарамай, біркісідей қан тапсырды. Осындай ізгіліктің үлгісін көрсеткен 📌басқарма басшылығы мен қызметкерлеріне зор алғысымызды білдіреміз.
07 Қаңтар 2023
287